«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 103-н/қ бұйрығы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 103-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14771 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

атауы жаңа редакцияда жазылсын:

«Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы»;

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

««Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақта:

42) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларының турбиналық жабдығының автоматты реттегіштерін ретке келтіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар бекітілсін;»;

мынадай мазмұндағы 43) және 44) тармақшалармен толықтырылсын:

«43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу энергетикасы объектілері үшін сенімділік пен қауіпсіздіктің жоспарлы және ең төменгі көрсеткіштерін есептеу және бекіту әдістемесі бекітілсін;

44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес Желілердегі жылу ысырабын анықтау әдістемесі бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диірмен-желдеткіштердің жұмыс қалақтары мен ұлу сауытының металы шығысының нормаларын есептеу әдістемесінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.